КСО-ПУС ТІРКЕУ ЖӘНЕ СЕКЦИЯЛАУ ПУНКТІ
Сипаттама
КСО-ПУС тіркеу және секциялау пункті өзінде КСО-ПС секциялау пункті мен КСО-ПКУ коммерцияық тіркеу пінктінің қызметтерін біріктіреді және электрөткізгіш әуе желілерін коммутациялау мен қорғауға, 50 Гц жиіліктегі, номиналды кернеуы 6(10) кВ ауыспалы токтың нейтралымен доғасөндргіш реактор арқылы жерге тұйықталған және оқшауланған тораптарында тіке және кері бағыттағы белсенді және реактивті қуатын тіркеуге, сондай-ақ өлшенген және есептелген параметрлерді электр қуатын бақылау, тіркеу және тарату жөніндегі диспетчерлік пунктке жеткізуге арналған.
Тіркеу және секциялау пункті мынадай қызметтерді атқаруға арналған:
-
желілердің зақымдалған учаскелерін автоматты түрде ажырату;
-
автоматты түрде қайта қосу (АПВ);
-
торап жұмысы режимінің параметрлерін өлшеу;
-
желідегі жедел және апатты жағдайлар журналын жүргізу;
-
тораптық резервтік қуаттығышты автоматты түрде енгізу (АВР);
-
торапты жедел жергілікті және қашықтықтан реконфигурациялау;
-
қашықтықтан басқару;
-
баланстық тиістілік шекарасында коммерциялық тіркеуді ұйымдастыру;
-
бірыңғай астрономиялық уақытқа байланған электр энергиясы мен қуаттылығын бақылау мен тіркеу жөнінде сенімді және жедел ақпаратты қалыптастыру;
-
электр энергиясын жеткізушілер мен тұтынушыар арасындағы есеп айырысу үшін төлеуге жататын электр энергиясының мөлшерін анықтау;
-
тұтынылған электр энергиясы мен қуат жөніндегі ақпаратты диспетчерлік қызметке жеткізу (АСКУЭ жүйесіне интеграциялау);
-
электр энергиясын ұрлау деректерін қадағалау.
КСО-ПУС (жоғарывольтты және төменвольтты модульдер) ВЛ-6 (10) кВ тіреуіштерге орнату үшін құрастыру жинақтарымен жинақталады.
Қажет болған жағдайда КСО-ПУС, сонымен бірге, ВЛ қабылдау тораптарымен (қадалық оқшаулағыштармен, ОПН) және ВЛ тіреуіштерге орнату үшін құрастыру жинақтары бар ажыратқыштармен жинақталады.
Түсіндірмесіз